Қазақстан азаматы Хайнань аралында қаза тапты

0
64

Қазақстан азаматы Хайнань аралында жол апатынан қаза тапты, деп хабарлады Қазақстан жаңалықтарына республиканың сыртқы істер министрлігі.

Қазақстан азаматы Хайнань аралында қаза тапты

«21 наурыз күні Хайнань аралында (Қытай) жол-көлік оқиғасы салдарынан 1990 жылы дүниеге келген Қазақстан азаматы Абсалямов Артур қаза тапты. Қазіргі уақытта Бейжіңдегі елшілік қызметкерлері Хайнань аралында және қаза тапқан азаматымыздың денесін Қазақстанға жеткізу үшін қажетті құжаттарды рәсімдеуде көмек көрсетуде», – деп хабарлады СІМ.

Сонымен қатар, Абсалямовтың денесін Қазақстанға жеткізуге байланысты шығындарды марқұмның жұмыс істеген компаниясы өз мойнына алып отырғандығын хабарлады ведомствода.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз