Қазақстанда ең көп кездесетін фамилиялар анықталды

0
54

 

Әділет министрлігі Қазақстанда ең көп кездесетін фамилияларды жария етті. Министрлік мәліметіне сай, елімізде Ахметовтердің саны көп.

Қазақстанда ең көп кездесетін фамилиялар анықталды

Бұл туралы nv.kz-ке сілтеме жасай отырып NUR.KZ хабарлайды.

Ахметовтердің саны Қазақстан бойынша 73 627 адам. Екінші орынды Омаров тегі иеленді – 45 123 адам.

Үшінші орынға Ким фамилиясы тұрақтады – 42 274 адам.

Жиі кездесетін тағы бір ата-тек – Оспанов (Оспанова). Олардың саны елде 41 068 адамды құрайды.

Бестікті Иванов фамилиясы тұйықтады – 39 296 адам.

Тізім бойынша келесі тектер алдыңғы шепке шықты: Әлиев – 36 084 адам, Сүлейменов  – 33 940 адам, Ысқақов – 31 988, Әбдірахманов – 29 091, Ибрагимов – 28 755, Қалиев – 28 219, Садықов – 27 810, Ыбыраев – 26 531, Кузнецов – 25 990, Попов – 24 956, Смағұлов – 24 005, Абдуллаев – 23 729, Исаев – 22 910, Сұлтанов – 22 808, Жүсіпов – 22 763, Исмаилов – 21 392, Нұрғалиев – 21 133, Кәрімов – 20 575 адам.

Серік фамилиясы 19 550 адамда, ал, Ли мен Цой сәйкесінше 17 049  және 12 088 адамда кездеседі.

Амангелдi тегін елімізде 15 125 адам алған. Болат фамилиясында 11 234 азамат бар. Бондаренко – 10 648 адам. Марат тегін 10 417 қазақстандық, Серiкбай тегін 10 193,  Мұрат тегін 10 006, ал, Құсайынов тегін 10 103 азамат алған.

Источник: NUR.KZ

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз