Қарағанды облысында 2 ай бойы жұмысқа келмеген әкім жазадан оңай құтылды

0
437

 

Қарағанды облысында екі ай бойы жұмысқа келмеген ауыл әкімінің әрекеті тәртіптік кеңесте қаралды.

Қарағанды облысында 2 ай бойы жұмысқа келмеген әкім жазадан оңай құтылды
Осакаров ауданы Чапаево елді-мекенінің әкімі Жанболат Құрмановтың үстінен тұрғындар, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің облыстық департаментіне шағым түсірген.

3 айдан бері қаралып жатқан мәселеге нүкте қойылды. Бірақ, шешім тұрғындардың көңілінен шықпады.

«Еш нәрсе өзгерген жоқ.Осыдан 4 күн бұрын ауданнан аппарат жетекшісі келді. Оған мән-жайды айтсақ, «Ты до сих пор на работу не ходишь»,-деп әкімге қарап күледі. Бұл не сұмдық?!», – дейді Қуаныш Смағұлов.

Тәртіптік кеңеске келген тұрғындардың айтуынша, Чапаево ауылында жағдай өзгермеген. Айта кетейік, ауылдықтар қаңтарда жергілікті әкімнің жұмысқа келмейтінін айтып шағымданған еді.

Сондай-ақ, су құбырларына бөлінген қаражатқа сұрау салған. Тәртіптік кеңесте тұрғындар, сондай-ақ Чапаево ауылы мен Осакаров ауданының әкімдері тыңдалды.

Нәтижесінде кеңес мүшелері Жанболат Құрмановқа қатаң сөгіс жариялады.Қызметіне салғырт қараған әкімге, кемшілігін түзетуге екі апта уақыт берілді.

«Ауылға көшіп келу, халықпен тығыз қарым-қатынас жасау тапсырылсын. Әрі-қарай да тұрғындар арызданса, тағы көре жатармыз», – деді Қарағанды облысы тәртіптік кеңесінің төрағасы Жандос Сәрсенов.

Екі ай бұрын ауыл тұрғындары өркениеттен құр қалып отырғандарын айтып, шағымданған-ды. Елді-мекенге автобус қатынамайтынын, медициналық бекет, бірде-бір дүкен, жөні түзу мектеп пен су құбыры да жоқтығын айтқан болатын.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз