Үкіметі автокөлік сатып алу үшін қазақстандықтарға жеңілдетілген несиелеуге қаржы бөлмек.
Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Қаржы вице-министрі Руслан Дәленов мәлім етті.
«Нұрлы жол» бағдарламасын жүзеге асырудан болатын жетістіктер мәселесіне тоқталған ол:
«Еліміздің азаматтары жеңілдетілген несиемен тек отандық көліктерге қол жеткізе алады. Оның мөлшерлемесі 3 пайыздан аспайды және 3-5 жыл мерзімге негізделген. Несие теңгемен ғана беріледі», – деді министрдің орынбасары.
Осы орайда ол бұл мақсатта 15 млрд теңге бөлінетіндігін атап өтті. Бұл қаржы шамамен 4-6 мың автокөлікті сатып алуға жетеді.
«Әрине, көліктердің құны мен саны тұтынушының қандай модель мен оның құрамдануын таңдауына байланысты болады», – деп атап өтті вице-министр.