Алматыдағы қалалық емханалардың бірі қабырғасында ілініп тұрған әнұран мәтінімен емделушілерді таңқалдырды.
Бұл туралы NUR.KZ танымал тележүргізуші Жанат Бақыттың Фейсбук әлеуметтік желісіндегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
Қазақстанның әнұраны ретінде берілген мәтінді көрген тележүргізушісі таңданысын жасырмайды. Оның хабарлауынша, мұндай өрескел қателікті Алматыдағы №6 қалалық ауруханасы жіберген.
Мемлекеттік мекеменің басшылығы қабырғасында ілініп тұрған елбасының сөзі мен Бекболат Тілеуханның әніне жазылған “Елім менің” композициясын әнұранмен шатыстырып алса керек.