Назарбаев Наурызды 9 күн қатарынан атап өтуді ұсынды

24
63

 

Наурыз мерекесі 9 күн тойлануы тиіс! Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Оңтүстік Қазақстанға сапары барысында мұндағы жұртшылықтың ұлыстың ұлы күнін атап өту үрдісіне риза болып, осындай бастама көтерді деп хабарлайды КТК арнасы.

Назарбаев Наурызды 9 күн қатарынан атап өтуді ұсынды

«Ұлыстың Ұлы күні қарсаңында осы сіздердің өңірде 9 күнге 9 атау беріп, әр күнді әз-Наурызға тән ізгі істерменен құптарлық бастама. Бұл барлық жерлерге таратуға жарайтын мәселе», – деді Назарбаев.

Шымкенттегі Наурыз алаңында елбасы 4 мың студентпен бірге мерекелік шараны тамашалады. Ондағы қойылымдар халықтар достығы мен бейбітшілік жайында болды.

Оңтүстік жұртшылығы алдағы сайлауда осы құндылықтар үшін дауыс беретіндерін білдірді. Қазір мұнда ел халқының 17 пайызы шоғырланған.

Сондай-ақ еліміздегі ең ірі жылыжайлардың бірінде болған президент оңтүстікте жеміс-жидек және көкөніс комбинаттарын одан әрі де көбейту керек деп тапсырма берді.

Источник: КТК арнасы

24 ПІКІРЛЕР

  1. Бұл жақсы бастама екен. Расымен де Наурыз үлкен мереке, отбасылық мереке. Мұндай бастаманы қолдау керек.

  2. Наурыз берекелі мереке ғой. Мүмкін 9 күн бойы аталып өтсе де артық болмас.

  3. Бұл өңір өзі сондай жылы өлке ғой. Мұндағы бастамалапр да жаман емес. Жері де қолайлы егіске. Ендеше, шынымен де алдағы уақытта үлкен жеміс-жидектердің көптеп шығып, еліміздің де көршілес елдердің де сұранысын қамтиды деген сенімдеміз.

  4. Бұл мекеннің ауа-райы да қолайлы ғой. Жеміс-жидек өсіруге. Осы бағытта атқарылатын жұмыстар кеңінен қанат жая берсін. Қалай болғанда да Отандық өнім.

  5. Ұлыстың Ұлы күнін атап өту жылдан жылға жақсарып келеді. Тәуелсіздіктің арқасында қанатымызды кеңге жайып өмір сүріп отырмыз. Мен Елбасының бұл ұсынысын қолдаймын!

  6. Веселый и добрый мужик, какой нахрен Барак Обама, вот он самый позитивный и целеустремленный президент, прямо у нас в стране

  7. Говорят он в жизни вообще добряк, шутить любит, а по телевизору всегда такой суровый, ругает всех

  8. Как мой Папа прям, добрый и веселый, а как накосячу чего так убить меня готов

  9. Егер Наурыз мейрамы 9 күн атап өтілсе, бұл 9 күн демалыс күн деген сөз бе екен?

  10. Не дегенмен де Наурыз мерекесін атап өту бұл халықтың көңіл-күйін көтеріп, қыстың қаһарлы суығынан аман шыққанымызды білдіреді.

  11. Наурыз бұл еліміздегі халықтарды ауызбірлікке щшақырып, бір дастархан басында жиналуға итермелейді.

  12. 9 күн тойлау менің ойымша бұл 9 күн демалу деген емес, 9 күн қыс өзінің циклдық экваторынан кетіп, одан кейін нағыз көктем басталады деген сөз деп ойлаймын.

  13. Елбасының бастамаасы дұрыс, мұны біз келер жылдан бастап енгізуіміз керекпіз.

  14. Қазақ мал жан аман ба? Қыстан қалай шықтыңдар деп сұраған, бұл 9 күн тойлауда да үлкен мән жатыр.

  15. Біз қазірдің өзінде өзіміздің ұлттық мерекемізді ұлықтап, биікке ктеруіміз қажетпіз, бұл біздің ұлттық құндылықтарымызды дәріптеуге өз септігін тигізеді.

  16. Наурыздың аяғына дейін тойлау бұл барша жұртқа көктем келді деп жариялап, көктемгі жұмыстарға дайындау.

  17. Наурызды біз елдің мерекесі ретіндегі деңгейге жеткізіп, елдегі барша ұлтты осы мерекеде қазақ халықының дәстүрлерін ұлықтауға шақыру керек.

  18. ТҮРКІСТАН .
    Тарихтарың сыр шертіп ғасырлардан ,
    Көкте күнің Түркістан жарқыраған .
    Ән арнадым рұхсат ет , бас иемін ,
    Тебіренттің рухыңмен асыл бабам .

    Қожа-Ахмет ойын тербеп шарлаған ,
    Болашақтың шамын жағып Түркістан .
    Кемтарларға дер кезінде дем беріп,
    Сая болдың кезі болса шаршаған .

    Түркі-Қазақ атанған жер анасы ,
    Кіші Мекке Түркістан баб қаласы .
    Бір өзіңді пір тұтып табынамын ,
    Шығыстағы Мұсылман астанасы .

    Хан Абылай елің үшін жаралған ,
    Күмбездерің асыл нұрдан нәр алған .
    Түркістаным гүл бақшаңа оранып ,
    Әлем шарға қасиетің таралған .

    Жібек жолың Үндіге жалғастырған ,
    Әмір-Темір қолдары мың жасаған .
    Имандылық Түркістан мекенісің ,
    Тай қазаның ырыс боп оратылған .

    Батырлырың шайқасқанда жауымен ,
    Үш билерің ақылдасты қауыммен .
    Түркістаным атты таңын жаңарып ,
    Егеменді елім болып оңымен .

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз