Франция жандармериясы өкілдерінің айтуынша, әзірге олар бір мәйітті таба алмай отыр. «Биологиялық элементтер жинақталуда, кейіннен ДНК-тексеруге жіберіледі», – деп нақтылады олар. Апат алдында кабинадан шығып кеткен бірінші ұшқыш қайта кірмекші болып, есікті балтамен ұрғылағаны анықталды. Алайда бұл әрекеті еш нәтиже бермепті. Ал ұшақтың екінші ұшқышы Андреас Любицтың алты жыл бойы жауапсыз махаббат салдарынан қатты күйзелісте жүргені белгілі болды. Бұл туралы оның құрбысы iTele телеарнасына берген сұхбатында растады. Ұшқыштың жеке басына қатысты мәліметтер анықталу үстінде. Сондай-ақ Lufthansa компаниясы Airbus A320 ұшағы апатынан қаза тапқандардың жақындарына 50 мың еуро көлемінде өтемақы төлейтіндерін жария етті. Бұл туралы Reuters-ке әуе компаниясының баспасөз хатшысы мәлімдеп отыр. Дайындаған: А. Жетпісбаева
Источник: http://24.kz/kz/zhanalyktar2/lemde/item/56159-iti-tabylmady