Демалыс күндері еліміздің басым аймағында суық ауа райы сақталады деп хабарлайды 24.kz арнасы.
Желдің жылдамдығы сағатына 15-20 метрді құрайды. Сондай-ақ кей өңірлерде қар жауып, көктайғақ болады.
«Еліміздің батыс өңірінде түнгі уақытта ауа температурасы 5-10, кей жерлерде 15 градус аязды құраса, солтүстік өңірлердегі кей жерлерде 18-23, кей жерлерде 28 градус аяз болады. Ал еліміздің орталығына келетін болсақ, 10-15, кей жерлерде 15-20 градус шамасында болады. Еліміздің оңтүстік өңірінде 3-8 градусты құрайды. Ал Қызылорда облысы бойынша 13 градус аязға дейін төмендейді», – дейді инженер-синоптик Әлия Оспанова.
Синоптиктердің болжауынша, демалыс күндері Астанада -10 градус суық болады, деп хабарлайды Bnews.kz.
«27-28 наурыз күндері Астана қаласы мен Ақмола облысында солтүстіктен жел тұрып, ауа температурасы -10 градус, ал түнде 15 градусқа дейін суытады. Сонымен, 28 наурызға жоспарланған Қазақстан – Исландия матчы -10 градус аязда өтетін болды. Стадионның төбесі жабылғанымен, секундына 14 метр жылдамдықпен солтүстік-шығыстан соққан суық жел қонақтарды тоңдырмай қоймас», – делінген сайтта.