Қазақстанда шенділер бір маркалы көліктерді әртүрлі бағамен сатып алуда

0
431

 

Өңірлердегі шенеуніктер бір маркалы көліктерді әр түрлі бағамен сатып алуда. Бюджет қаржысының жұмсалуын тексеру барысында баға айырмашылығының 40 пайызға жеткені анықталды деп хабарлайды Астана арнасы.

Қазақстанда шенділер бір маркалы көліктерді әртүрлі бағамен сатып алуда

Бұл туралы қаржы вице-министрі Ардақ Теңгебаев мәлімдеді.

Айтуынша, ведомство жанынан «Нұрлы жол» бағдарламасына бөлінген қаржыны бақылау және салықтың төленуін қадағалау бойынша арнайы топ құрылған.

«Бұл мемлекеттік сатып алу байқаулары жеңімпаздарын тексеру, сондай-ақ, бюджет қаражатының жұмсалуын назарда ұстауға септігін тигізбек», – деді Теңгебаев.

«Автокөліктердің құнына талдау жүргізілді. Республиканың әрбір өңірінде бағаның әртүрлі екенін анықтады. Сол бағаның айырмашылығы елдің әр аумағында 40 пайызға дейін. Бюджет қаражатының тап осындай тиімсіз жұмсалуын болдырмау үшін, қаржылық бақылау комитеті автокөлік сатып алуға арналған шығыстарды жоспарлау кезінде қолдануға болатын жүйелі ұсыныстар әзірленіп жатыр», – деді ол.

Биылғы жылдың сәуірінен бастап отандық көліктерге берілетін жеңілдетілген несие жайы да пысықталды. Қаржы министрінің орынбасары Руслан Дәленовтың айтуынша, «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында бұл бағытқа 15 миллиард теңге бөлінген. Бұл сома 6 мыңға жуық отандық көлікті сатуға мүмкіндік туғызбақ.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз