Бүгін әлемнің мыңдаған көрнекті жерінде 1 сағат бойы жарық сөндірілмек

0
589
4
Әлемнің түкпір-түкпіріндегі елдер бүгін ғаламшар энергиясын үнемдеуге өз үлесін қоспақ. Жер жаһанның 172 мемлекетіндегі 7 мыңнан астам қаласында жергілікті уақыт бойынша кешкі сағат 20:30-да жарық сөндіріледі. Дүниежүзілік WWF табиғат қорының бастамасымен биыл әлемдегі 1 мың 200-ден астам көрікті жерде 1 сағат бойы жарық болмайды. Ғаламдық шараға орай түрлі флешмобтар ұйымдастырылады. Климаттың жаһандық өзгеру мәселесіне әлем жұртшылығының назарын аударып, табиғи ресурстарды үнемдеуге шақыратын «Жер сағаты» акциясына кез келген адам қатыса алады. Ол үшін үйіңіздегі немесе кеңседегі жарықты сөндірсеңіз болғаны.

Источник: http://www.24.kz/kz/zhanalyktar2/lemde/item/56182-zhary-s-ndirilmek

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз