ШҚО-да Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай ұйымдастырылған байқау өтті

0
396
6
Шығыс Қазақстан облысының жастары «Ой-сана» байқауына қатысты. Шара Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған. Мұнда облыстың әр аудан-қалаларынан келген оқушылар мен студенттер соғыс тақырыбында эссе жазып, жерлес батырлары жайлы әңгімелерден үзінділерді жатқа айтты. Тіпті кейбір қатысушылар ардагердің соғыс жылдарында киген әскери формасымен сахнаға шығып, зұлмат жылдар жайында жазылған өлеңдерді оқыды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл шара ел жастары арасында патриоттық сезімді нығайтып қана қоймай, өткен тарихқа деген құрметтерін арттырады. Люция Абдуллина, қазылар алқасының мүшесі: – Маған байқау ұнап отыр. Қызықты өтіп жатыр. Байқауға қатысушы әр баланың шығармаларын ерекше тебіреніспен тыңдап отырмыз. Соғыс жайлы айтылғанда жүрегі шымырламайтын жан жоқ. Тапсырма қиын, десе де балалар берілген жұмысты тиянақты әрі жауапты орындады.

Источник: http://www.24.kz/kz/zhanalyktar2/ardagerlerdi-arda-tajy/item/56175-oraj-baj-au-tti

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз