Оған ұлттық валютаның құнсыздануы себеп болып отыр. Наурыз айында бразилиялық реал 20 пайызға құлдырап, соңғы 12 жылдағы ең төменгі көрсеткішке жетті. Ал елдегі жылжымайтын мүлік бағасының төмендеуі шетелдік инвесторлар үшін тамаша мүмкіндікке айналды. Өйткені қазір Рио-де-Жанейрода бақуатты адамдар тұратын аудандардағы тұрғын үйлерге сұраныс артқан. Алайда сарапшылардың пайымдауынша, алдағы жылда жазғы Олимпиада ойындары өтетін Бразилияда баспаналардың бағасы қайта өсіп кетуі әбден мүмкін. Пауло Фабриани, Бразилияның Азаматтық құрылыс одағының вице-президенті: – Қазір тұрғын үй нарығындағы жағдай мәз емес. Реалдың құлдырауынан 5 айдың ішінде жылжымайтын мүліктің бағасы доллармен немесе еуромен есептегенде 2 есе арзандады.
Источник: http://24.kz/kz/zhanalyktar2/lemde/item/56195-zandauda