Астанаға әскери парадқа қатысатын жауынгерлік техникалар тиелген соңғы эшелон келді

0
543
3
Бүгін Астанаға Алматы қаласынан Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдық мерейтойына арналған әскери шеруге қатысатын әскери техникалар тиелген соңғы эшелон келді. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеп отыр. Елорданың теміржол тұғырнамасында танктер (БМПТ), КАМАЗ автокөліктері, басқа да доңғалақты және шынжыр табанды техникалармен қатар жауынгерлік машиналар да әкелінді. Сонымен қатар Астанаға келген эшелон құрамында келісімшарт қызметіндегі әскери қызметшілер және әскери оқу орындарының курсанттары бар. Олар әскери шеруге қатысушыларға арналған далалық лагерлерге орналастырылып, күнделікті жаттығуларына кіріседі. Астанаға әскери техникалар мен жеке құрамды орналастыру үшін әскери хабарлама органдары (ӘХО) парад өтететін орынға әскери эшелондарды тасымалдау жоспарын әзірледі. Алғашқы эшелон наурыз айының ортасында келген болатын. Сороковая бекетінде 68665 әскери бөлімінің кіре берісінде техникаларды тиеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл жолдың ұзақтығы – 2,2 км. Тұғырнамадағы тиеу-түсіру мүмкіндіктерін күшейту мақсатында жинау-бөлшектеу темір аппарелі (ЖБТА) орнатылды. Ол тәулігіне үш эшелондағы техниканы түсіреді. Бұдан өзге тұғырнамадан түсіру және тиеу жұмыстары отандық өнім «айналмалы бекітпені» қолдану барысында айтарлықтай жедел жүргізілді. Бұл тәсілдер тұғырнамаға әскери техникаларды жылдам және сапалы бекітуге мүмкіндік береді. Теміржол бойымен әскери эшелондардың қозғалысы кезінде әскери қызметшілер арасынан қарауылдар, техниканы күзету және қорғау, оларды алып жүру ұйымдастырылды. Әскери қызметшілер жол бойында жауынгерлік тапсырманы орындады. Алғашқы эшелон келген уақыттан бастап бүгінге дейінгі аралықта Астанаға әскери парадқа қатысуға құрамы 500-ден аса вагонды құрайтын және 900-ге жуық әскери қызметшілер бар эшелон келді. Айта кетейік, әскери техника Қазақстанның әртүрлі өңірлерінен әкелінді. Бүгін кешке Астана қаласына Аэроұтқыр әскерлеріне қарайтын бөлімдердің әскери қызметшілері келеді. Келушілерді қарсы алу рәсімі ҚР ҚМ Орталық әскери оркестрінің сүйемелдеуімен өтеді.

Источник: http://24.kz/kz/zhanalyktar2/o-am/item/56192-o-y-eshelon-keldi

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз