Нигерияда бүгін президенттік және парламенттік сайлау өтеді

0
398
4
Жергілікті билік дауыс берушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін теңіз бен құрлықтағы шекараларды жауып тастады. Полиция көлік қозғалысын тоқтатты. Саяси додадағы ең басты қарсыластар – Нигерияның қазіргі президенті Гудлак Джонатан мен 1980 жылдары сәтті өткен әскери төңкерістен кейін ел басқарған Мухаммаду Бухари. Кандидаттардың екеуі де сайлау мен оның қорытындысына қатысты құжаттармен келісетінін білдірді. Айта кетейік, Нигерия халқы бүгін елдің жаңа басшысымен қоса, жоғарғы заң шығарушы орган ұлттық ассамблеяның мүшелерін де сайлайды. Гудлак Джонатан, Нигерия президенті: – Саяси мақсат қатыгездік пен қантөгіске жол бермеуі тиіс. Сайлаудың әділ өтуіне және оның қорытындыларымен келісуге тағы да уәде беремін. Елдің қазіргі басшысы, әрі қолбасшысы ретінде мемлекет қауіпсіздігі мен әрбір Нигерия азаматының өміріне жауаптымын.

Источник: http://24.kz/kz/zhanalyktar2/lemde/item/56188-tik-sajlau-tedi

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз