Мұстафа Джемидьев тағы да БҰҰ-нан көмек сұрады

0
544

1f1f73c0e39cd64d490a0b121f5e5aad

Жақында Укринформ басылымына эксклюзивті сұхбат берген Қырым татарларының көсемі Мұстафа Джемильев Қырым аннекциясынан кейінгі ахуал жайлы Путиннің «Қырым окуппациясының» ақыры  бүкіл адамзат тарихындағы алапат апатқа әкелетінін айтқан.

Жақында Мұстафа Джемильев Брюссельдегі НАТО-ның штаб-пәтерінде Қырымның Ресей Федерациясы құрамына қосылғаннан кейінгі қырым татарларының қыспақтағы тұрмысы жайлы баяндама жасаған.

Мұстафа Джемильев, Қырым татарларының көсемі:

– Қырым соғысы –  этникалық татарларды тығырыққа тіреу үшін жасалып отыр

Осыдан тура бір жыл бұрын Қырым окуппациясы басталған кезде мен Ресей Президенті В. Путинмен тікелей телефон арқылы сөйлескен едім. Артынша мені бірден НАТО-ға шақырды. Сол кезде біз Брюссельдегі барлық 28 мемлекеттің өкілдерімен жеке-жеке кездесулер өткіздік. Одан бері міне бақандай бір жыл өтті. Қазір НАТО-ны окуппациядағы Қырым татарларының жағдайы алаңдатып отыр. Алда-жалда қандай да бір жағдайлар орын алатын болса, НАТО-бізді қолдайтыны туралы келісімдерге қол қойылды.

Бір көңіл жібітетіні, барлық мемлекеттің елшілері Қырым окуппациясын ешқашан мойындамайтындарын айтты. Тіпті, окуппацияланған территорияларды қайтару үшін көмек қолдарын созып отыр. Мен о бастан, деокуппация және Қырымды азат етуде әскери қақтығыстарға жол берілмеуі керектігін айтқан болатынмын. Себебі, мұның салдарынан  мыңдаған бейбіт тұрғындар зардап шегеді.  Ең бастысы, окуппанттардың әрекеті  этникалық татарларды жоюға бағтталатын болады. Тіпті, біз олардың арнайы тізімдер жасап отырғандарынан да хабаржар болып отырмыз. Сондықтан, мәселені шешудің саяси әрі бейбіт жолы санкция. Біз сол санкцияларға сенім артуымыз мүмкін. Менің алаңдап отырғаным, егер Ресей Минск келісімдерін бұзбайтын болса, санкциялар өз күшін жоюу мүмкін. Сондай-ақ, мен НАТО басшыларына халықаралық сарапшылар қазіргі Қырым территториясына  кіріп, мониторинг жүргізуі тиіс деген ұсыныс айттым. Ұсыныс қазір талқылану үстінде. Мысалы, жақында Түркия Республикасы Қырымдағы татарлардың ахуалына алаңдаушылық білдіріп, бақылау жүргізбекші болды. Ресей оларға біз көрсеткен бағыт бойынша, біз көрсеткен адамдармен кездесесіңдер деп талап қоған. Әрине, Түркия бұл талаппен келіскен жоқ. Оларға рұқсат берілмегендіктен, қазір Түркиялық бақылаушылардың жұмысы тоқтап тұр. Мен Түркия Президентіне «егер Ресей Президентінің арнайы шақыртуымен келетін болсаңыздар, Украина суверенитетін бұзған боласыздар» деген болатынмын.

Қырымда қазір, жағдай тұрақсыз, тәуелділік пен саяси қысым басым. Ол жерде демократиялық қоғам қалыптастыру мүмкін емес. Соған қарамастан, Қырым татарларының мәжілісі тұрғындарға Қырымды тастап кетпеуге кеңес беруде. Себебі, біз өзіміздің тарихи жерімізді қайтару жолында бірнеше онжылдықтар бойына күресіп келеміз. Алайда «Қырым қорғанысы» атанып кеткен,  жасақтағы жас балалар жиі жоғалып кетуде. Бұл онсыз қысыммен күн кешіп жүрген жергілікті тұрғындардың үрейін ұшыруда.

БҰҰ-ның босқындар мәселесі басқармасының мәліметінше қазіргі таңда 20 мыңнан астам адам Қырымды тастап кеткен. Олардың жартысынан көбісі Қырым татарлары.

Ескерте кетейін, өз отандарын сатып, Ресейге өз  еркілерімен қосылып жатқандарға Ресей билігі жақсы жағдай жасап отыр деген жалған сөз. Оларға берілетін паспорттарда сатқын деген арнайы, жасырын белгі қойылуда. Ол өте әділ шешім. Себебі, бүгін бір отанды сатып кеткен адам, ертең басқа отанды да сатып кетпесіне ешкім кепілдік бере алмайды. Бүгін Қырымды сатып кеткендер мен Қырымдықтарға қысым көрсетіп, «Қырым көктемі» секілді қанды саясатты жасап отырғандар, ертең ұрпақ пен тарихта қара дақ болып қалады.

Нұргелді Әбдіғаниұлы

http://qamshy.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз