Кәрішал Асанов дүниеден озды

0
96

14DEB13D-957C-4FAD-AF82-609FDAD37C15_cx0_cy9_cw82_mw1024_s_n_r1

26 наурыз күні Алматыда белгілі жазушы, саяси сыншы Кәрішал Асанов 79 жасына қараған шағында дүниеден озды. Бұл туралы журналистерге жазушының қызы Қарлығаш Асанова мәлімдеген. Марқұмның туыстарының айтуынша Кәрішал ақсақалдың жүрегі жиі ауыратын және ауыруы қысып, бірнеше ай қатарынан төсек тартып қалған. Жазушы Кәрішал Асанов биыл ҚР оппазициялық ұйымдары бірлесіп тағайындаған «Азаттық» сыйлығын алған болатын. Сондай-ақ, Кәрішал Асанов 1993 жылы АҚШ-тың халықаралық «Хеллман-Хэмметт» сыйлығын иеленген еді. Аталмыш сыйлық АҚШ үкіметі тарапынан тағайындалады және қуғандағы жазушыларға беріледі. Сонамыен қатар, белгілі саяси сыншы, жазушы бірнеше кітаптардың авторы болған. Марқұммен қоштасу 28 наурыз күні Алматы қаласында өтеді. Жазушы Кеңсай зиратына жерленеді.

Нұрзат Тоғжан

«Қамшы» сілтейді

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз