Денис Тен Қытайда өткен Әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

0
419

 

Денис Тен Қытайдың Шанхай қаласында өткен мәнерлеп сырғанаудан Әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды.

Денис Тен Қытайда өткен Әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды (видео)
Денис Тен

Жарыс қортындысы бойынша мәнерлеп сырғанаудан Әлем чемпионаты 2015-те Денис Тен үш медаль иеленді. Жерлесіміз қысқа бағдарлама бойынша қола жүлдегер, еркін бағдарлама бойынша алтын, сондай-ақ екі жарыс күннің нәтижесі бойынша 267,72 ұпай жинап қола жүлдегер атанды.

Әлем біріншілігінің алтын жүлдесін Испания үміті Хавьер Фернандес иеленсе, күміс медалді Жапония спортшысы Юдзуру Ханю жеңіп алды.

Еске сала кетейік, жарыстың бірінші күні Денис Тен айдынға шыққанда ұйымдастырушылар қателік жіберіп, басқа муызка қойған болатын. Бұл келеңсіз жайт біздің жерлісіміздің көңіл-күйіне әсер еткеніне қарамастан Денис өзін дәлейдей білді.

 

Источник: NUR.KZ

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз