Павлодар тұрғыны қабағына көңілі толмай қабағына татуаж жасатып, соңында көрмей қалған.
Светлана Ильина
Павлодарлық Светлана есімді әйел қасы мен қабағына көңілі толмай қаладағы сұлулық салондарының біріне бас сұғады. Содан татуаж жасатып болғанда, оның көзі дуылдап қышып, ауырып, аздан соң тіпті көрмей қалады.
Павлодар сотының баспасөз қызметі таратқан мәлімет бойынша, «Бірден Павлодардың облыстық ауруханасына жолдама берілген Светлана Ильина дәрігерлер «химиялық күйіктің ең ауыр дәрежесі» деген диагноз қойды.
Тіпті отандық дәрігерлерден үміт болмаған соң Светлана Новосібірге, сосын Алматыға барып емделуге мәжбүр болған.
Қазір ол екінші дәрежедегі мүгедек, жұмысқа жарамдылық қабілетінің 75 пайызын жоғалтқан. Өзінің денсаулығына зиян келтірген айыпталушыдан ол материалдық шығын келтіргені үшін 449 520 тенге, ал моральдық өтемақы ретінде 10 млн теңге талап етуде.