«Дипломмен ауылға» бағдарламасымен келген мамандардың қатары артып келеді

0
623
3
Павлодар облысында Орловка деген ауыл бар. Бұл елді мекендегі тұрғындар саны мыңнан асады. Осында облыстағы ең ірі «Победа» шаруа қожалығы орналасқан. Кәсіпорында 500-ден астам адам еңбек етеді. Сондай-ақ ауылдағы әлеуметтік нысандардың барлығы жұмысын тоқтатпаған. Тіпті өңірге келген жас мамандардың да қатары көбейген. Қазіргі күні еңбек етіп, кәсіп қылам деген адамға ауылдан да жұмыс табылады. Шарбақты ауданының Орловка ауылында мыңнан астам тұрғын бар. Олардың басым бөлігі жұмыспен қамтылған. Тіпті «Дипломмен ауылға» бағдарламасымен келген мамандардың да қатары күн санап артып келеді. Жоғарғы оқу орнын тәмамдаған соң ауылға келіп, жұмыс істеп жүрген жастардың бірі – Салтанат Шиль. Ол Орловка ауылында қазақ тілі мен әдебиет пәнінен сабақ береді. Салтанат ауылға келіп, тұрмыс та құрып үлгерді. Қазір торсықтай ұлдың анасы. Салтанат Шиль, жас маман: – Ауыл ұнайды, бәрі жақсы. Үйіміз бар. Жұмыс бар. Ал Ольга Кофтун – акробатикадан спорт шебері. Павлодардағы педагогикалық институтты тамамдаған ол қазір өмірлік жолдасымен бірге осы ауыл мектебінде дене шынықтыру пәнінен сабақ береді. Ольга Ковтун, жас маман: – Менің ауылға келгеніме 5 жылдай уақыт болды. Мен осында тұрмыс құрдым. Балалы болдым. Еңбек жолын бастадым. Қазір мектепте дене шынықтыру пәнінен сабақ беремін. Ал күйеуім –қазақша күрестен жаттықтырушы. Мен ауылға келгеніме ешқашан өкінбеймін. Ең бастысы, мен бақыттымын. Орловка ауылында облыстағы ең ірі «Победа» шаруа қожалығы орналасқан. Жастарды баспанамен, ал ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтып отырған осы шаруашылық. Иесі Александр Поляков – мемлекеттің қолдауымен өз кәсібін кеңейтіп отырған жан. Кәсіпкер осы уақытқа дейін жас мамандарға арнап бірнеше жаңа баспана тұрғызған. Александр Поляков, кәсіпкер: – Мемлекет тарапынан көрсетілген көмектің арқасында кәсібіміз кеңейіп келеді. Ауылымыз көркейіп келеді, жастарға көмек көрсетіп отырамыз. Оларды баспанамен қамтимыз, жұмыс береміз. Ең бастысы, жастардың жұмысқа деген құштарлығы болса болғаны. Ауылдың даму қарқыны қуантарлық. Мұндағы жастар қалаға сабылмай, туған жерде еңбек етуде. 4 жылдың ішінде бір ғана ауыл мектебіне 20-ға жуық жас маман келіпті. Рифқат Мұратов, мектеп директоры: – Жас мамандар өзімен жаңа жаңалық, әдістер әкеледі. Жас мамандар ауыл мектептеріне келсе, біздің мемлекетіміз тағы да алға басады, гүлденеді. Мыңнан астам тұрғыны бар Орловка ауылының тыныс-тіршілігі осындай. Жас мамандардың келуі ауылдың одан ары көркейе түсуіне сеп болуда. Авторлары: Ерхан Тәткен, Марат Игіліков, Алексей Омельницкий

Источник: http://www.24.kz/kz/zhanalyktar2/lemde/item/56259-jymdastyrdy

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз