Бельгия EXPO-2017 көрмесіне қатыспақ

0
34
Бельгия Астанадағы EXPO-2017 көрмесіне қатысатынын ресми жария етті. Бұл туралы Қазақстанның Бельгия және Люксембургтегі Төтенше және Өкілетті елшісі Алмаз Хамзаев мәлімдеді. Оның айтуынша, жергілікті компаниялар халықаралық мамандандырылған көрмеге қатысуға аса қызығушылық танытуда. Алмаз Хамзаев, Қазақстанның Бельгия және Люксембургтегі Төтенше және Өкілетті елшісі: – Бельгия ресми жауабын берді. Бұл елдің халықаралық көрмелерге қатысуына жауап беретін арнайы мемлекеттік органы бар. Өздеріңіз білетіндей, Бельгия өзі де EXPO өткізген болатын. Оларда бұл жағынан үлкен тәжірибе бар. Астанада өтетін EXPO-2017-де қатысамын деуші компаниялардың да қатары ұлғайып келеді. Күллі Еуропада бұл EXPO-ға деген қызығушылық арта түсетініне сенімдіміз.

Источник: http://www.24.kz/kz/zhanalyktar2/lemde/item/56262-atyspa

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз