Ақтауда шаңды дауыл көтерілді

0
38
Бүгін таңертеңнен бастап Ақтауда шаңды дауыл тұрып, қала көшелері көрінбей қалды. Жел екпіні секундына 25 м/с жеткен. Ауа температурасы 10 градус жылылықтан 1 градус аязға бір-ақ төмендеді. «Осы жағдай 31 наурызға дейін сақталады», – дейді Маңғыстау облысындағы гидрометеорология орталығының қызметкерлері. Ал төтенше жағдай мамандары тұрғындарды далада жүргенде ірі ғимараттардан алыстау жүріп, абай болуға шақырады. Жергілікті халық мұндай шаңды дауылдың соңғы 10 жылда көтерілмегенін айтады. Шаңның қалыңдығынан алдағы 50 метр жер көрінбейді. Тұрғындар есік-терезелерін қымтап, үйінде отыр. Көшеде жүрген жан баласы жоқ, тым-тырыс. Авторы: Гүлмира Әбішева

Источник: http://24.kz/kz/zhanalyktar2/o-am/item/56278-basty

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз