Өзбекстанда президенттік сайлау басталды

0
62
Өзбекстанда президенттік сайлау басталды. Жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 6:00-де бүкіл ел бойынша 9060 сайлау учаскесі жұмысын бастады. Сайлаушылар тізімінде 20 млн 798 мың 52 Өзбекстан азаматы бар. Бұл сайлауға елдің қазіргі президентілибералды-демократиялық партия жетекшісі Ислам Каримов пен тағы үш партияның басшылары үміткер болып тіркелді. Сайлауға дауыс беру жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-ге дейін жалғасады. Өзбекстан заңы бойынша тізімге алынған сайлаушылардың кемінде 33%-дан астамы дауыс беруге қатысқан жағдайда ғана сайлау заңды күшіне ие болады. Ал оның алдын ала қорытындысы ертең айқындалады.

Источник: http://24.kz/kz/zhanalyktar2/lemde/item/56277-sajlau-bastaldy

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз