Эбола індеті жайлаған аймақтың тұрғындары азық-түлікке таласуда

0
79
Сьерра-Леоне билігі Эбола індетінің таралуына тосқауыл қою үшін 3 күндік карантин жариялады. Тұрғындарға сыртқа шығуға рұқсат берілмесе де күнделікті азығы таусылғандар бұл ережеге бағынбай, карантиннің екінші күні қала көшелеріне шықты. Ауызсу мен тамаққа таласқан жұртты тарату үшін тәртіп сақшыларына көзден жас ағызатын газ қолдануға тура келді. Аймақта Эбола безгегінің таралуы өткен жылдың желтоқсанынан бері біраз бәсеңдегенмен кейбір науқастар әлі күнге дейін биліктен жасырынып, медициналық көмекке жүгінбей үйлерінде жатыр. Естеріңізге салайық, Сьерра-Леонеде қауіпті вирусты шамамен 12 мың адам жұқтырған, ал Эбола безгегінен қаза тапқандар саны 3000-нан асып кетті.

Источник: http://24.kz/kz/zhanalyktar2/lemde/item/56275-talasuda

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз