Бүгін сағат 2:55-те Алматы маңында жер сілкінісі болды. Бұл мәліметті ҚР Білім және ғылым министрлгі Ғылым комитетінің Сеймологиялық тәжірибелік әдістемелік экспедициясы мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісі тіркеді. Тербеліс эпицентрі Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 135 шақырым жерде Қырғызстан территориясында болған. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 9,6 болса, магнитудасы MPV 4,3, ал тереңдігі 15 шақырымды құраған. Сезілгендігі туралы мәліметтер жоқ.
Источник: http://24.kz/kz/zhanalyktar2/o-i-a/item/56269-silkindi