Өмір 26 сәуірмен аяқталмайды

25
110

Белгілі саясаткер, қоғам белсендісі Әміржан Қосанов президенттік сайлауға қатысады екен деген сөз тараған еді. Ел ішінде оппозицияның атынан бір адам болса, осы Қосанов дегендей пікір де айтылған. Бірақ, Әміржан мырза «Фейсбуктегі» парақшасында сайлауға түспейтінін мәлімдеді. Соны оқырман қауымға ұсынып отырмыз.

 Әміржан ҚОСАНОВ, саясаткер

Кезектен тыс президенттік сайлау жарияланған соң маған «өз кандидатураңызды ұсыныңыз!» деген бірқатар ұсыныс түсті. «Қажет болса, штабыңызға еніп, шама-шарқымызша қол ұшын береміз» деуші жанашырлар да болды.

Осы күндері мен азаматтық қоғамда белсенділік танытып жүрген көптеген ұйымдармен, жеке тұлғалармен пікір алыстым, ақылдасып, кеңестім.
Сайлауға түсу идеясын қолдаушылар да баршылық болды. Олардың ойынша, саулау науқаны мүмкіндіктерін пайдаланып, ел ішінде біраз жұмыс жасар едік. Және де, олар айтқандай, саясаткер ретінде өзіме де жақсы жарнама болар еді-мыс.
Додаға түсуіме қарсылық білдіргендер де табылды. «Мынадай сайлау заңнамасы тұсында бәрібір Назарбаев жеңеді, ал Сіздің қатысқаныңыз бұл сайлауға саяси легитимдік береді» деп жатты олар.
Екі пікірдің де өз орны, реті бар сияқты.
Мен де асықпадым, жоғарыда айтқандай, ақылдастым. Өйткені, мұндай сайлауға қатысу деген үлкен мүмкіндік қана емес, аса зор жауапкершілік! Сол жағын да ойластырдым.

Сайлау – «Ең бастысы жеңіс емес, қатысу» деген ұранды басшылыққа алған олимпиадалық ойындар емес қой!
Қазіргі сайлаудың сайқымазақтық сипаты күннен-күнге бедерлене түсуде. Және де осы саяси цирктің режиссерлері қайда отырғаны белгілі: бәрі де солардың жоспары бойынша жүзеге асуда! Мен саяси клоун болғым келмейді!

Қазақстан демократиялық күштерінің бірлігі туралы да ойладым. Соның ішінде бірқатар азаматтар ұсынған «оппозициядан бірегей кандидат ұсыну» туралы идея төңірегінде де біраз адамдармен сөйлестім. Ол да бір дұрыс қадам болар еді. Кандидаттың мүмкіндігі арта түсер еді. Бірақ ол ой да сиырқұймышақтанып кетті. Өкінішке орай, осынау маңызды науқанда біз бір ауыздылық таныта алмадық.
Сондықтан да болашақта Қазақстан демократиялық күштерінің бірлігін қайтадан қалпына келтіру мәселесі біз үшін ең басты шаруа болуы қажет!
Әрине, ОСК хаттамаларына сай «ұтылатынымды» біле тұра, осы сайлауда көзге түсіп, біраз саяси ұпай жинап алуға болатын еді.
Бірақ (және бұл жайт мен үшін өте-мөте маңызды әрі принципті!) сайлауға түскен кез келген үміткер “мен міндетті түрде жеңемін!» деген оймен ел алдына шығуы қажет! Ал барлық деңгейдегі сайлау комиссиялары түгел дерлік «нұротандықтардан» құралып, Ақорда мен әкімдер тарапынан бақыланып отырған кезде, президенттен басқа ешбір кандидат олай деп мәлімдей алмайтыны анық. Мен де елді алдағым келмейді!
Сайлау – «Ең бастысы жеңіс емес, қатысу» деген ұранды басшылыққа алған олимпиадалық ойындар емес қой!
Қазіргі сайлаудың сайқымазақтық сипаты күннен-күнге бедерлене түсуде. Және де осы саяси цирктің режиссерлері қайда отырғаны белгілі: бәрі де солардың жоспары бойынша жүзеге асуда! Мен саяси клоун болғым келмейді!
Сондықтан да мен осы жолғы, яғни 2015жылдың 26 сәуірінде өтетін президенттік сайлауға қатыспау туралы шешім қабылдадым.
Менің кандидатурамды қолдаған барша ағайынды осы шешімге түсіністікпен қарауын өтінемін.
Өмір келесі айдың 26 сәуірімен аяқталмайды. Біздің күрес жалғаса бермек!
Өйткені, таяу болашақта саяси өмір қыза түседі. Оның ішінде өкіметтің әлеуметтік-экономикалық өмірдегі қателіктері, созылмалы сипатқа ие болып бара жатқан дағдарыс, постназарбаевтық кезең қарсаңындағы топаралық тартыс бізді, азаматтық қоғам өкілдерін, одан сайын белсенді болуға міндеттейді. Сол сыни шақта бірлік таныта білейік!

http://www.dalanews.kz/sadak/omir-26-sauirmen-ayaktalmajdy/

25 ПІКІРЛЕР

  1. «Өмір келесі айдың 26 сәуірімен аяқталмайды. Біздің күрес жалғаса бермек!»
    Арине, осымен амир аякталмайды. Бирак бизге тыныштык керек…

  2. Әрине аяқталмайды, керісінше жаңа талпыныспен жаңа бастамалармен болашаққа нық қадам жасаймыз!

  3. Мен сүттей ұйып отырған елімнің бүгінгі жағдайына дән ризамын. Біз көпұлтты мемлекетте өмір сүреміз. Оны бір үйдің баласындай етіп біріктіріп отырған Ел басшысының саясатын құптаймын.

  4. Біз үлкендеріміздің денінің саулығы үшін, сәбилеріміздің тыныш ұйқысы үшін, жастарымыздың болашағы үшін дауыс береміз.

  5. Сайлау ойын алаңы емес, ол елдің болашағын таңдау. Елдің тыныштығын таңдау.

  6. Осы тыныш өмірімізге ризамыз. Қаншама шетелдерде түрлі жағдайлар болып жатыр. Одан аманбыз ғой. Басқа не керек.

  7. Қалай дегенмен де қатыспаған адам, ар нарсені айта береді, бұл жерде көңіл аудармаған жөн.

  8. Менің ойымша бұл кісі қатысқанмен де көп мөлшерде дауыс жинай алмайды, өйткені халықтың қалауы тек біреу.

  9. Жеңілген адамды не деуші еді, жеңілген адамның сөзі құрысын деуші ме еді?

  10. Әйтеуір Әбекең өзінің пікірін айтып қалғысы келген ғой, өзі де түсініп отырған шығар, қазіргі халықтың қалауы бір адамға бағытталып тұрғанын.

  11. Мен халықтарының бірлігі мен ауызбіршілгі жарасқан елде өмір сүріп отырғаныма мақтанамын. Бұл біздің Президентіміздің ұстанған басты позициясы. Мен осы бағытты қолдаймын.

  12. Бір-бірімізден мін іздемей, халықтың арасына іріткі салмай бір болайық. Бөлінгенді бөрі жейді.

  13. Әмірхан аға елдің елдігін сақтау жолында ұйыса білейік. Елбасының елге жасаған еңбегін халық бағалайды.

  14. Иа, бұл сайлаудың шын мәнін түсінген адам ғана дұрыс бағасын бере алады. Сайлаудан кейінгі болашаұқ нұрлы болмақ.

  15. Сайлауға кім кандидат болсада, ең бастысы өзіне сенімді болып, халықтың жағдайын жақсы деңгейге көтере алып,

  16. Сайлауға бей-жәй қарауға болмайды, сайлауға қатысып кандидат болу мен Президент болу мүлдем екі басқа. Сондықтан білікті азаматтар ғана бағын сынап көруге болады.

  17. Мен үшін бастысы елдің тыныштығы, халықтың бейбіт өмір сүруі, сайлауда өтіп, халық өз таңдауын жасап, қалаулы азаматына дауыс беретін болады.

  18. Әміржан мырзаға өз кандидатыңды ұсын дегедер бар болғанымен, өзі бас тарқан екен. Демек, халықтың таңдауы өзі емес екенін түсініп отырған болар.

  19. Салтанат дұрыс айтасын,қандай саяси маңызы бар мәселе болсада, өтетін уақыты болады. Бастысы, халық бірлікте болып, сайлауға қолдау көрсетіп, жақсы бастамаларға ұмтылуы керек.

  20. Еліміздің осы күнгі жетістіктерге қол жеткізуі оңай емес, берекелі ел емес кемеңгер көшбасшының арқасында жетіп отырмыз. Сондықтан барды бағалай білейік.

  21. Бұл сайлауды түсінбей, теріс бағалап отырған азаматтар жоқ емес. Шын мәнінде бұл сайлау елді көптеген қиын жағдайлардан алып шығады.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз