Маңайға мәлім «Булаев» майы

0
533
2
Арнамызда отандық тауар өндірушілерді қолдау шарасы жалғасуда. Бұл жолы Солтүстік Қазақстан облысындағы май зауыты туралы айтпақпыз. Кәсіпорын сүт өңдеп, айран, сүзбе, ірімшік, қаймақ және май өндіреді. Өнім өңір нарығын қамтамасыз етіп қана қоймай, көрші аймақтарға да шығарылады. «Сүт» деген жазуы бар көлікті Мағжан Жұмабаев ауылының тұрғындары жақсы таниды. Ауыл-ауылды аралап, ағайынның ағын артып келген жүргізуші оны өндіріске өткізеді. Мұнда шикізаттың сапасы анықталады. Кәсіпорынның күніне 45 тонна сүт өңдейтін шамасы бар. Табиғи таза шикізаттан айран, сүзбе, ірімшік, қаймақ және май жасалады. Өндіріс ошағының мақтанышы да осы – май. Өнім осы өлкеде ғана емес, Астана, Қарағанды, Көкшетау қалаларында да үлкен сұранысқа ие. Кәсіпорын тапсырыстан таршылық көрген емес. Май зауыты енді кәсіптерін кеңейтуді көздеп отыр. Нарық соны талап етеді. Василий Пальчик, «Пальчик» ЖК директоры: – Шұжық, балқытылған ірімшік шығаруды жоспарлап отырмыз. Қаймақты өлшеп орайтын қондырғыға тапсырыс бердік. Бұл өз кезегінде өндіріс көлемін арттырады. Сүтті де көбірек сатып алатын боламыз. Булаев қаласындағы май зауыты азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге де оң ықпалын тигізіп келеді. «Ауылшаруашылығы өнімдерін өңдеу – өрлеу» дейді жұмысшылар. Авторлары: Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Төлеген Иманов, Руслан Әлиев және Дмитрий Рура

Источник: http://24.kz/kz/zhanalyktar2/otandy-nimdi-satyp-al/item/56320-v-majy

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз