Өзбекстандағы президенттік сайлауға ОСК оң баға берді

0
380
3
Өзбекстанда президенттік сайлау аяқталуға жақын. Жергілікті уақыт бойынша сағат 06:00-де басталған шараға елдің Орталық сайлау комиссиясы оң баға берді. Өйткені сайлау басталған соң 4 сағаттың ішінде дауыс берушілердің 37%-ы, яғни 7,5 млн-нан астам адам өз таңдауын жасап үлгерген. Өзбекстан заңына сай, бұл көрсеткіш 33%-дан жоғары болуы тиіс. Ал елде 20 млн-нан астам адам дауыс беруге құқылы. Бүкіл мемлекет бойынша 9 мыңнан аса, ал шетелдерде 44 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Елдегі шараны 80 мың жергілікті және 300-дей халықаралық байқаушы қадағалауда. Айта кетейік, бұл саяси додада билік басындағы Ислам Каримовпен қоса үш партияның жетекшілері бақ сынап жатыр.

Источник: http://24.kz/kz/zhanalyktar2/lemde/item/56310-berdi

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз