Түркияның Шанлыурфа провинциясындағы ірі жол-көлік апатынан кемінде 12 адам көз жұмып, тағы 9-ы ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы ТАСС хабарлайды. Жергілікті БАҚ-тың мәліметі бойынша, «Шанлыурфа-Акчакал» тасжолында үш көлік соқтығысқан. Қаза тапқандардың арасында балалар да бар. Ал жарақат алғандар жедел түрде жақын маңдағы ауруханаға жеткізілген. Қазіргі таңда оқиға орнында медицина қызметкерлері мен полиция жұмыс істеп жатыр. Қайғылы жайттың қалай орын алғандығы тексерілуде. Авторы: М.Асылбек
Источник: http://24.kz/kz/zhanalyktar2/lemde/item/56323-da-bar