Израильде ежелгі қола дәуірінен қалған египеттік елді мекен табылды

0
502
2
Тель-Авивте салынып жатқан кеңсе құрылысының орнынан 5 мың жыл бұрын болған мысырлық елді мекеннің қалдықтары табылды. Қазба жұмыстарын жүргізген археологтардың мәлімдеуінше, аталған аймақтан азық-түлік сақтау үшін пайдаланылған 17 құдық, тек Ежелгі Мысыр еліне ғана тән керамикалық ыдыстың сынықтары табылған. «Ыдыстарды сазға қамыс араластыру арқылы жасау осы аймақта ежелгі өркениеттерден тек ғана мысырлықтардың ойына келген. Және бұл египеттіктердің Израиль жерінде болғандығының қазіргі заманда табылған алғашқы айғағы»,-дейді тарихшылар. Ал осыған дейін Мысыр жерінің тұрғындары Израильдің тек Солтүстік Негев ауданына дейін жеткендігі айтылып келген болса, енді мына соңғы тарихи деректерге сәйкес, олардың Тель-Авивке ат басын тірегендігі анықталды. Дайындаған: Г.Абилова

Источник: http://www.24.kz/kz/zhanalyktar2/lemde/item/56365-izrailde-ezhelgi-ola-d-uirinen-al-an

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз