Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады

0
415

Қазақстан территориясының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады.

Photo: Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады

Кейбір өңірлерде жауын-шашын түсеіп, бұрқасын, көктайғақ, тұман, желдің күшейуі күтіледі деп хабарлайды ІІМ ТЖД баспасөз қызметі.

Ақмола облысының кей жерлерінде бұрқасын желдің күші 15-20 м/с болады. Алматы облысының кейбір аумақтарында тұман, көктайғақ күтіледі, желдің күші 18-23 м/с, 28 м/с болады. Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарында жауын-шашын, тұман, көктайғақ, желдің күші 18-23 м/с, тау асуларында 30 м/с-дан жоғары болуы күтіледі.

Қызылорда облысында да көктайғақ, желдің күші 15-20 м/с болады деп күтіледі. Атырау, Маңғыстау облыстарында желдің екпіні 17-22 м/с болып, жел шаңды дауылға ұласуы ықтимал.

Батыс Қазақстан, Қостанай аймақтарында тұман түсіп, желдің күші 15-20 м/с-ға жетеді. Ақтөбе облысында тұман болады.

Сондай-ақ, Қарағанды, Павлодар облыстарында бұрқасын болып, жел 15-20 м/с-ға дейін күшейеді, Қарағанды облысында да тұман болады деп күтілуде. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, жолдарда көктайғақ болады.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз