Өзбекстандағы президенттік сайлауға дауыс берушілердің 91%-ы қатысқан. Елдің Орталық сайлау комиссиясының мәліметтеріне қарағанда билік басындағы Ислам Каримов алда келеді. Президенттікке онымен қоса тағы 3 үміткер таласқан еді. Олардың біреуі – «Ұлттық қайта жаңғыру» демократиялық партиясының атынан шыққан Акмал Саидов, екіншісі – Өзбекстанның Халықтық-демократиялық партиясының атынан бақ сынаған Хатамжон Кетмонов. Ал үшіншісі – саяси додаға Өзбекстанның «Адолат» социал-демократиялық партиясының атынан түскен Наримон Умаров. Алдын ала сайлау қорытындылары туралы мәлімет бірнеше сағаттан кейін белгілі болуы тиіс. Айта кетейік, елдегі әлемнің 43 елінен келген 300-дей халықаралық байқаушы қадағалады.
Источник: http://24.kz/kz/zhanalyktar2/lemde/item/56369-bolma