Танымал тележүргізуші бір тойда $6 мың табатын асабаларды сынады

0
451

Танымал тележүргізуші Сәуле Әбединова бір тойда бірнеше мың долларды қалтасына басатын әншілер мен асабаларды сынады.

Photo: Танымал тележүргізуші бір тойда $6 мың табатын асабаларды сынады
“Әпкемнің баласы үйленіп, той жасаудың қамындамыз. Өз баламдай боп кеткен бала. Қолымнан келгенше тойына үлес қоссам деген ой. “Әншілер мен асабаларға жақынсың, жақсы асаба тауып бер” деп әпкем қолқа салған соң, біраз асабамен телефон арқылы тілдестім. Ешқайсысына өкпем жоқ.Тек таңқалғаным – ең қымбат асабаның “гонорары” – 6 мың АҚШ доллары екен. Ең арзанының “гонорары” – 1 мың доллар”, – деп жазады ол Facebook-тегі парақшасында.

Ол бір түнде осынша табыс табатын асабалар қарапайым еңбек адамынан ұялу керектігін айтады.

Ешқайсысына өкпем жоқ.Тек таңқалғаным – ең қымбат асабаның “гонорары” – 6 мың АҚШ доллары екен.

“Жатып алып есептедім: кешкі 7-ден түнгі 1-ге дейін – 6 сағат жұмыс уақыты. 6 мың доллар қалтада! Ал тұрақты жұмыс орны бар, “шүкір” дейтіндей (ойындағыдай) айлығы бар қарапайым еңбек адамы бұндай ақшаны 1 жыл таңғы 9-дан кешкі 6-ға дейін істеп табады. Әншілер де солай.1-2 фонограммасымен бірнеше мың долларды қалтасына басып жүре береді. Ұялу керек қой”, – деді танымал тележүргізуші.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз