Шығыс Қазақстан облысының Үржар ауданындағы “Таскелен-Бақты” күре жолында ауа райының қолайсыздығы салдарынан “Алматы-Мақаншы-Қабанбай” бағытымен келе жатқан автобус аударылды.
Автобуста 25-ке жуық жолаушы болған. Алдын ала мәліметтер бойынша, жол-көлік оқиғасының салдарынан 18 адам жарақат алып, 4 адам, соның ішінде бір бала қаза тапты.
Зардап шеккендер мен қаза тапқандардың есімдері анықталуда.
Оқиға орнында ішкі істер басқармасы мен төтенше жағдай қызметкерлері және жедел медициналық жәрдем қызметінің күштері мен құралдары жұмылдырылған.
Дереккөз: ИА «Казинформ»