Exit-poll бойынша Н.Саркозидің партиясы жеңіске жетті

0
482
2,1
Францияда департаменттер кеңесі сайлауының екінші айналымына қатысты алдын ала қорытындылар жарияланды. Exit-poll мәліметтері бойынша саяси додада Николя Саркозидің «Халықтық қозғалыс одағы» жеңіске жетті. Сөйтіп, экс-президент партиясы өңірлік кеңес құрамындағы 101 департаменттің 60-тан астамын өз бақылауына алмақ. Осылайша, билік басындағы солшыл Социалистік партия 30 шақты кеңестегі ықпалдылығын жоғалтты. Тіпті ел президенті Франсуа Олландтың туған жері Коррез департаментінде оның қарсыластары оңшыл партиядан шыққан үміткерге сенім білдірген. Дауыс беруге 40 миллион сайлаушының шамамен 50%-ы қатысқан. Премьер-министр Мануэль Вальс социалистердің жеңілісін мойындап, ел саясатына байланысты алаңдаушылығын білдірді. Мануэль Вальс, Францияның премьер-министрі: – Оңшылдардың нәтижелері өте жоғары. Бұл жеңіс республикалық құндылықтарға сенім білдірушілер үшін үлкен сынақ. Мемлекет саясатындағылар осыдан үлкен сабақ алуы тиіс.

Источник: http://www.24.kz/kz/zhanalyktar2/lemde/item/56377-zhetti

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз