A320: ұшақтың құлауына 5 минут қалғанда жолаушылар жанұшыра айқайлаған

0
418
3
Апатқа ұшыраған ұшақ жолаушылары лайнердің жер бетімен соқтығысуына 5 минут қалған кезде жанұшыра айқай салған. Бұл туралы немістің Bild басылымына сілтеме жасаған epochtimes.ru хабарлады. Альпі тауларына құлаған Airbus-тың «қара жәшіктерінің» қағаз жүзіне түсірілген 1,5 сағаттық жазбасында ұшақ жолаушыларының қатты дауыстап, айқай-шу шығарғандығы естіледі. Сондай-ақ одан «Жерге жақындап қалдық. Биіктікті жоғарылатыңыз» дабыл белгісі де анық шығады. Оның барысында экипаж командирінің кабина есігін металл затпен ұрғылап, есікті ашуды талап еткені де естілген. «Ұшақтың екінші пилоты лайнерді қасақана құлатқан» деген күдікпен, апатқа негізгі кінәлі ретінде ұшқыш Андреас Любицтің аты аталуда. Дайындаған: Г.Абилова

Источник: http://24.kz/kz/zhanalyktar2/lemde/item/56384-a320-sha-ty-lauyna-5-minut-al

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз