Г.Головкин Мұхаммед Әлидің құрметіне өткен қайырымдылық кешке қатысты

0
522
5
Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин Аризона штатындағы Финикс қаласында өткен Celebrity Fight Night қайырымдылық кешіне қатысты. Бұл туралы Геннадий Головкиннің ВКонтакте-дегі ресми парақшасында хабарланды. Celebrity Fight Night Мұхаммед Әлидің құрметіне ұйымдастырылып келетін АҚШ-тағы элиталы қайырымдылық іс-шараларының бірі болып саналады.
5,1
Оған елдің әр түкпірінен барған атақтылар мен кәсіби спортшылар қатысты. Кеш шеңберінде бәссауда өтті. Сондай-ақ онда батыстық шоу-бизнестің жарық жұлдыздары қатысты. 20 жылдан бері тұрақты ұйымдастырылып келе жатқан Celebrity Fight Night қайырымдылық шарасы осы уақыт аралығында 100 млн доллар жинап, Барроу неврологиялық институты жанындағы Мұхаммед Әли атындағы Паркинсон орталығына аударған.
5,2
5,3

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз