Қазақстандағы жаңа кадрлық тағайындаулар

0
445

Осы аптада жергілікті жерлерде бірқатар тағайындаулар орын алып, Алматы қаласында жаңадан ашылған 2 соттың судьялары президенттің Жарлықтарымен өз жұмыстарына кірісті.

Photo: Қазақстандағы жаңа кадрлық тағайындаулар

Сонымен Қызылорда қаласы әкімінің өкімімен Базартай Жандос Нұртайұлы қала әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды.

Осы аптада Алматы қаласында Наурызбай аудандық соты мен Медеу аудандық №2 соты ашылды. Президент Нұсұлтан Назарбаевтың Өкімімен Наурызбай аудандық сотының төрағасы болып Ұлан Есбергенов, №2 Медеу аудандық қылмыстық істер сотының төрағасы болып Дәурен Мәукеев тағайындалды. Президент Жарлығымен Наурызбай аудандық сотына судьялар Нұрлан Біржанов, Берік Қалжігітов, Жұмабек Қалиев, №2 Медеу аудандық сотына Дәулет Әбдіқалықов, Әнина Байдәулетова, Бауыржан Қоншаев, Фарух Омаров, Тұрсынхан Салықов және Тәкен Шәкіров қызметке алынды.

Ішкі істер министрінің орынбасары Владимир Божко Атырау облысы ТЖ департаментінің ұжымына және жергілікті атқарушы органдардың өкілдеріне ТЖД жаңа бастығымен таныстырды. Бұл лауазымға өртке қарсы қызмет полковнигі Сағынбек Сиратұлы Өмірзақов тағайындалды.

Өз қызметін адал атқарғаны үшін өртке қарсы қызмет полковнигі Сағынбек Өмірзақов 2013 жылы Нұрсұлтан Назарбаевтың арнайы Жарлығымен ІІ дәрежелі “Айбын” орденімен марапатталды.

Сонымен қатар осы аптадан бастап “Қазақстан Ғарыш Сапары” ҰК” АҚ жаңа ұйымдық-штаттық құрылым бойынша жұмыс істей бастап, компания президентінің міндетін атқарушы Марат Нұрғожиннің бұйрығымен жаңа тағайындаулар болды.

Атап айтқанда, жалпы мәселелер бойынша вице-президент қызметіне бұған дейін құқықтық қатынастар мен халықаралық ынтымақтастық департаментін басқарған Ерболсын Нұрсейітов келді. “Қазақстан Ғарыш Сапары” ҰК” АҚ-ның қаржылық директоры қызметіне қайта құруға дейін экономика және қаржы бойынша вице-президент болып жұмыс істеген Ербол Оспанов тағайындалды.

Бұған дейін компанияның жобалық кеңсесін басқарған Айберген Русланұлы жаңа құрылған перспективалы жобалар орталығының директоры болып қызметіне кірісті. 2015 жылдың басында Ұлттық ғарыш орталығының құрылыс және пайдалануға беру бойынша вице-президенті қызметіне компанияға “Бәйтерек” БК-ынан келген Мамадияр Ахмедов тағайындалды. “Қазақстан Ғарыш Сапары” ҰК” АҚ-ның құрылыс бойынша бұрынғы вице-президенті Рәшид Әбдіразақов “Ғалам” БК-ға жұмысқа ауысты.

Бағлан Қазиев компанияның ғарыш жүйелерін құру және пайдалану бойынша вице-президенті қызметінде қалды.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз