Apple басшысы жиған-тергенін қайырымдылық ретінде таратпақ

0
62
Компанияның бас директоры Тим Кук осы кезге дейін жиып-терген дәулетін қайырымдылық ұйымдарына таратып беретінін мәлімдеді. Ол 800 миллион АҚШ долларын құрайтын дәулеттің тек белгілі бір бөлігін ғана өз жиенінің оқуға түсуіне алып қалады. Бүгінге дейін СПИД-ке, климаттық өзгеріске қарсы күресу қорларына қаржылық қолдау көрсеткен Кук ЖОО-на да демеушілік қолдау жасайды. Ал өзге де ақпарат алыптарының басшылары түрлі қайырымдылық қорларына ақша тұрақты түрде ақша аударады. Мысалы, Уоррен Баффет пен Билл Гейтс Giving Pledge жобасын іске қосқаннан бері онда әлемге белгілі 150 ауқатты азамат қосылыпты, деп хабарлайды iphones.ru. Дайындаған: Г.Абилова

Источник: http://24.kz/kz/zhanalyktar2/lemde/item/56450-apple-basshysy-zhi-an-tergenin

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз