Қазақстанда аптаның ортасына қарай күн жылынады. Бұл туралы Казгиромет РММ-нің инженер-синоптигі Әлия Оспанова хабарлайды. «Күн әлі жылынбады, алайда аптаның үшінші тәулігіне қарай антициклон ақырындап біздің республикамыздың аумағынан кетеді деп күтудеміз. Сейсенбіден бастап-ақ аяз қайта бастайды», – деді Ә.Оспанова. Оның ақпараты бойынша жақын күндері еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында қар жауады, желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетіп, көктайғақ болады. Шығыс Қазақстанда боран сақталады. Еліміздің қалған аймақтарында суық антициклонға байланысты жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Батыс Қазақстанда ауа температурасы түнде 5-10 градусқа дейін суытса, Солтүстік-Батыс аймақта түнде 12-17 градус суық болады. Еліміздің солтүстігі мен орталық өңірлерінде 15-20 градус суық, Шығыс Қазақстанда 20-25, ал Оңтүстік-Шығыс Қазақстанда 10-15, кей жерлерде 5 градус суық болады.
Источник: http://24.kz/kz/zhanalyktar2/o-am/item/56435-zhylynady