Оның нақты көлемі бүгінде 5,3 трлн теңгені құрап отыр. Орталық коммуникациялар қызметінде Мәжіліс депутаты Елена Тарасенко осылай деді. Оның айтуынша, соңғы 5 жыл бойы еліміздегі сауда-саттық көлемі 13-15% деңгейінде үнемі өсіп келеді. Ал 1995 жылдан 2014 жылға дейін бөлшек сауда көлемі 40 есеге өскен. Дегенмен қазір сауда-саттықты әлі де бір қалыпқа келтіру қажет. Сондықтан сауда қызметін реттеу жөніндегі заңға өзгерістер енгізілмек. Елена Тарасенко, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты: – Заң жобасында сауда нысандарына қатысты талаптар, интернет-сауда саласын бақылау мен отандық тауар өндірушілерді қолдауға басымдық берілмек. Тағы айта кетерлігі, Индустрияландыру бағдарламасының басты міндеттерінің бірі – отандық тауар өндірісінің аясын кеңейтуге жол ашу болса, бұл ішкі сауданы дамытуға өз септігін тигізбек.
Источник: http://24.kz/kz/zhanalyktar2/ekonomika/item/56445-basym