Данияр Кесікбаевтың тойының егжей-тегжейі жарияланды

0
518

Қазақстандық Данияр Кесікбаев пен Малайзия премьер-министрінің қызы Нуриана Наджвенің тойы туралы тың ақпараттар жария болды.

Photo: Данияр Кесікбаевтың тойының егжей-тегжейі жарияланды (фото)

Бұл туралы esquire.kz-ке сілтеме жасай отырып NUR. KZ хабарлайды.

Esquire Kazakhstan журналының танымал журналисі Гулнәр Баженова тойға қатысып, атаулы күннің қызықты мәліметтерін жариялады.

Журналист күйеу жігіттің кіші бауыры Ханболат Назарбаев той қонақтарын қалай күлдірткені және не себепті тойда тілектер айтылмағандығы туралы жазған.

Тойда қазақстандық БАҚ-тың жалғыз өкілдері болған Гүлнәр Баженова мен фотограф Қанат Бейсекеев салтанатты шарының қалай өткенін көпшілікке паш етті.

Той салтанаты 28 наурыздың кешкі уақытында, атақты Петронас мұнарасында өтті. Онда 2000-3000 қонақ жиналды. Қонақтар арасында Таиланд, Малайзия премьер-министрлері, Индонезия президенті болды. Сонымен қатар мерекеге, Сингапур премьері, Ли Куан Ю-дің ұлы да шақырылған болатын. Алайда белгілі себептермен, ол қатыса алмады.

“Тойдың өтуі туралы хабар қазақстандық БАҚ-та шығып жатқанына малайзиялықтар таңданысын жасырмады. Жиналған қонақтардың көбі ұлттық киімдер киіп келді. Ешкім би билемеді, тілектер де айтылмады. Дәстүрлері сондай. Малайзиялықтар тойда тек дәмнен ауыз тиіп, концерт тыңдайды”, – деп жазды журналист.

Тосты тек салтанат аяқталарда қыздың әкесі айтады. Сол себепті, Only you әнін өзінше ерекшелеп орындаған күйеу жігіттің кіші бауыры Ханболат Назарбаев тойдың мәйегі болды.

Екінші той салтанатына Куала-Лумпурдың қарапайым тұрғындары, премьер партиясын қолдаушылар, той иелерінің таныстары жиналды. Тойға кез-келген адам кіре алды. Ешқандай металл іздегіштер мен шақыру билеттері болған жоқ. Тойдың бұлай ашық өтуі қазақстандық журналисті таң қалдырды.

“Той соңында қонақтар жас жұбайлар мен олардың ата-аналарымен бірге суретке түсуге мүмкіндік алды. Бірінші тойда классика жанрында симфониялық оркестр өнер көрсетсе, келесі тойда ұлттық әндер айтылды. Екі тойда да “Жар Жар” мен “Қаражорга” айтылды”, – дейді Баженова репортажында.

Тойда романтикалық “лавстори” көрсетілді. Аниме жанрында түсірілген Love story-де Нуриананың 21-нші туған күнінде Нью-Йоркте Даниярмен танысқаны, екеуінің Вашингтондағы студенттер кешінде қарым-қатынастарының беки түсуі, Дубайда Кесікбаевтің Нурианаға ұсыныс жасауы және Куала-Лумпур мен Алматыдағы тойлары баяндалды.

Photo: Данияр Кесікбаевтың тойының егжей-тегжейі жарияланды (фото)
Photo: Данияр Кесікбаевтың тойының егжей-тегжейі жарияланды (фото)
Photo: Данияр Кесікбаевтың тойының егжей-тегжейі жарияланды (фото)
Photo: Данияр Кесікбаевтың тойының егжей-тегжейі жарияланды (фото)

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз