Алтын валюта қорының артуынан теңге тұрақтылығы сақталуда

0
660

Қазақстан ТМД елдерінің ішінде алтын қорының өсімі бойынша көш бастап келеді. Халықаралық валюта қорының мәліметінше, Қазақстан соңғы 2 жарым жылда алтын қорын 33 пайызға ұлғайтқан деп хабарлайды Алматы арнасы.

Photo: Алтын валюта қорының артуынан теңге тұрақтылығы сақталуда

Еліміз алтын қоры бойынша әлемде 24 орында. Қазіргі таңда Ұлттық банктегі бағалы металдың резерві 196 тоннаға жеткен. Ел азаматтары да ақшадан гөрі құнды металлға сенім артады.

Экономист Мақсат Халықов: “сәуір айында алтынның бағасы өсуі мүмкін”, – дейді. Себебі жергілікті жұрт ақшаның тұрақтылығына сенбей, депозиттік салымға алтын жинауға көшкен. Сонымен қатар, Ұлттық банкте жинақталған бағалы металл қоры ұлғайып келеді. Яғни, бұл халық арасында алтынға деген сұраныстың артуы.

Осыған орай құнды металдың бағасы да өсіп, 1 унция алтын 1208 долларға жетуі мүмкін деп топшылайды. Сарапшы мемлекеттік алтын резервінің ұлғайуының екінші себебінде атап өтті.

Алтын валюта қорынсыз ақша ақша емес, қағаз. Ал егер ол алтынмен бекітілетін болса, оның құны жоғары болады

“3 мемлекет Экономикалық одақ құрып отыр. Осы мемлекеттер арасында ортақ қаржылық жүйе, ортақ валюта сөз болып отыр. Алтын қорларының резервінің ұлғайуы осы ортақ валютаның болуына дайындық. Алтын валюта қорынсыз ақша ақша емес, қағаз. Ал егер ол алтынмен бекітілетін болса, оның құны жоғары болады”, – деді экономист Мақсат Халық.

Халықаралық валюта қорының мәліметінше, Қазақстан соңғы 2 жарым жылда алтын қорын 33 пайызға ұлғайтқан. 2007 жылы Ұлттық қорда алтын валютасы 62 тонна болса, 2015 жылдың ақпан айында 196 тоннаға жеткен.

Сарапшылардың пікірінше, еліміз бағалы металл резервін жинау жағынан әлемде 24 орында. Ал көш басына 8135 тоннамен Америка жайғасқан. Ресей 1207 тонна құнды металл мен 6 орынға тұрақтаған. Ең төменгі сатыны 3 тоннамен Моңғолия, Қырғыз елі еншілеп отыр.

Отандық қор биржасының мәліметінше, Ұлттық банкте халықаралық валюта қоры 0,1 пайызға өсіп, 100 млрд долларға жеткен. Сондай-ақ ақпан айындағы Қазақстандық қор биржасында 5,5 млрд доллар саудаланған.

“Өткен 2 аптада елімізде 1 жарым миллиард доллар саудаланды. Ал, еуроны сатып алу айтарлықтай азайып, 400 миллион еуроны құрап отыр. Қосымша құны да төмендеп, қазір 196 ,6 теңге”, – деді “Қазақстан қор биржасы” АҚ департаментінің маманы Әділ Буталеб.

Сарапшылардың пікірінше, алтын қорының молдығы ұлттық валютаның девальвацияға ұшырамай, тұрақты болуына септігін тигізеді. Себебі алтынның бағасы жыл өткен сайын өспесе, төмендемейді. Экономистердің есебінше, 2010 жылдан бері алтынның бағасы 39 пайызға қымбаттаған. Қазір бағалы металдың 1 унция құны 1204 АҚШ доллары.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз