Бүгін Алматы соты әйгілі қазақ сазгерінің шағымы бойынша қаралған іске осындай нүкте қойды.
Дауға себеп болған зәулім үй енді марқұмның мұрагерлеріне тиесілі болып қала бермек.
Мұндай шешімнің шығарылуына – Қоразбаев арызы бойынша жауап беруші тұлғаның марқұм болуы себеп. Сазгер зәулім үйді досы Сырым Құлажанов қайтыс болғаннан кейін даулап, арызданған болатын.
Ал теке-тіреске түрткі болған – 900 шаршы метрлік коттедж. Қоразбаевтың айтуынша, 2012 жылы бизнестегі серіктесі Құлажановқа 7 миллион теңгеге сатқан. Тек алып-сату құжаты рәсімделгенімен, Қоразбаев ақшаны әлі көрмедім дейді. Енді көруі де екіталай.
Сот жауап беруші азаматтың қайтыс болуына байланысты істі доғаруға шешім шығарды.
“Құжаттарымыз заң негізінде жасалғаны дәлелденді. Оның үстіне, арыз марқұмның атына түсірілген. Мүліктің ақшасы да төленген”, – дейді адвокат Мина Әмірәлиева.
Дереккөз: КТК арнасы