Ғалымдардың мәлімдеуінше, ол алыс қашықтықтарға дейін тарала алады. Тіпті бір құрлықтан екіншісіне дейін жетуі мүмкін. Техас университетінің зерттеушілері оның әсіресе осы штатта кеңінен таралғанын айтуда. Супербактерия мұнда желмен ұшқан шаңның құрамынан анықталған. Олар осы кезге дейін ауа арқылы таралмай, тек су немесе өзге де нақты заттар арқылы таралған. Енді жағдай өзгеріп, олар жел арқылы да тарала бастапты. Ғалымдар супербактериялар өздерінің антибиотиктерге қарсы тұра алу қабілетін өзге микробтарға беріп, сол арқылы түрлі жұқпалы аурулар алдын алуға дес бермей, жылдам таралып, соңы жаппай індетке ұласуы мүмкін екендігінен қауіптенуде. Бұл ретте антибиотиктер ең жиі қолданылатын сала – мал шаруашылығы өте осал екен. Сол себепті супербактериялардың таралу әдісін анықтау басты медициналық сауал болып қалуда. Егер оған жауап табылмаса, инфекциялардан 2050 жылға қарай 10 млн адам көз жұмуы мүмкін, дейді Russian.rt.com.
Источник: http://24.kz/kz/zhanalyktar2/lemde/item/56611-amerikaly-superbakteriya-aua-ar-yly