Ұлтараздықты қоздырған Алматы тұрғыны 4 жылға шартты түрде сотталды

0
41
Ұлтараздықты қоздырған Алматы тұрғыны 4 жылға шартты түрде сотталды
Алматының Алатау аудандық соты бүгін «ұлтаралық алауыздықты қоздырды» деп айыпталған Татьяна Шевцова-Валоваға үкім шығарды.

Алатау аудандық сотының үкіміне сай, Татьяна Шевцова-Валова 4 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды. Шевцова-Валова 3 жыл бойы сынақ мерзімінде болады. Яғни, оның іс-әрекетін жергілікті полицейлер қатаң бақылап отырады.

Ал айыпталушы болса, соттың бұл үкімімен келіспейтінін айтып, қайта шағымданатынын айтты. Шевцова-Валова жазаны жеңілдету үшін Жоғарғы сотқа дейін арыз жазбақшы.

Еске сала кетейік, қылмыстық істі қозғауға Татьяна  Шевцова-Валованың әлеуметтік желідегі жазбалары себеп болған. Жазбаларда «ұлттық ерекшелікке қатысты кемсіту» барын айтқан бірнеше қолданушы билік орындарына шағым түсірген.

Қаңтардың 12-сі соттан шыққаннан кейін Шевцова-Валова журналистерге әлеуметтік желілердегі жазбаларды өзі жазбағанын және тағылған айыпты мойындамайтынын айтқан.

Ол қазақтарды «малғұнға» теңеп, ұлтаралық араздықты қоздырды деп айыпталған болатын.

По сообщению сайта Nur.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз