Сахалиндегі аюлар ұйқысынан жарты ай бұрын оянды

0
53
Қиыр Шығысқа сапар шеккен кейбір туристер оларды көріп те үлгірген екен. Олар бұл жолы ұйқысынан әдеттегіден ертерек тұрса да, адамдарға қарсы жүгірмеген. Қазір аюлар апандарынан жаппай шығып жатқан көрінеді. «Олардың екі апта бұрын оянуына шектен тыс жылы ауа райы әсер еткен. Сынап бағанасы плюстік температураны көрсетіп, қар еріп, оның суы аюлардың апандарына ағып, оларды оятып жіберді», – деді Ресей Орман шаруашылығының өкілі. Мамандардың айтуынша, жылдың бұл мезгілінде аюлар өте қауіпті болады екен. Сол себепті билік өкілдері тұрғындардың өте сақ болуларын ескертті, деп жазaды lenta.ru. Дайындаған: Г.Абилова

Источник: http://www.24.kz/kz/zhanalyktar2/lemde/item/56660-sakhalindegi-ayular-j-ysynan

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз