LS мәліметіне сәйкес, 2014 жылы Қазақстанның сыртқы қарызы 4,8%-ға өсіп, $157,062 млрд-ты құрады. Нәтижесінде жан басына шаққанда қарыз $4,47 мың-ға жетті.
Бұл туралы lsм.kz-ке сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.
Ұлттық банк дерегі бойынша, 2013 жылда сыртқы қарыз мөлшері $149,931 млрд-ты құраған.
Мемлекеттік және мемлекетпен кепілденген сыртқы қарыз $8,635 млрд, ал оның сыртқы қарыздағы үлесі 5,5% болды.
2014 жылы мемлекеттік қарыз 45%-ға көтеріліп 8,218 млрд долларға жетті. Соның ішінде, мемлекеттік басқарма $7,257 млрд қарызданса, 2013 жылда $5,115 млрд қарыз болған. Ұлттық банк өз қарызын 1,8 есе үлкейткен — $545,8 млн-нан $961,4 млн-ға жеткен.
Мемлекетпен кепілденген сыртқы қарыз, керісінше төмендеді. $495 млн-нан (2013 жыл) $416 млн-ға түсті (2014 жыл).
Мемлекетпен кепілденбеген сыртқы қарыз өткен жылдың қорытындысына сай, $148,427 млрд-ты құрады, оның сыртқы қарыздағы үлесі — 94,5%.
Фирмааралық қарыз 2014 жылы Ұлттық банктің айтуынша, $79,2 млрд-тан $73,9 млрд-қа көбейді.
Сыртқы қарыздың фирмааралық қарызды қоса алғанда ЖІӨ-ге қатынасы 74,2%-ға жетті. Фирмааралық қарызды есепке алмағандағы үлесі 36,8% болады.
Дереккөз: NUR.KZ