Нұрсұлтан Назарбаев сайлауалды бағдарламасын жариялады

29
46

Кезектен тыс президент сайлауына кандидат, қазіргі президент Нұрсұлтан Назарбаев сайлауалды бағдарламасында институционалдық реформалар жасауды ұсынды.

Photo: Нұрсұлтан Назарбаев сайлауалды бағдарламасын жариялады
Сайлауалды бағдарламасы бүгін ресми БАҚ-та жарияланды.

Назарбаев ұсынған реформалардың бірі – “жекелеген тұлғалардың қорғауына” тәуелді емес кәсіби мемлекеттік қызметкерлер корпусын құру. Назарбаев бұған қоса сот жүйесіне, полицияға сенімді арттырып, армияны модернизациялауға шақырған.

Бұдан өзге, президент экономиканы диверсификациялап, ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеу саласын дамыту қажеттігін айтқан.

Нұрсұлтан Назарбаев бағдарламасында қазақстандық бірегейлік азаматтық принципіне негізделуі тиіс екенін және “қазақтардың мемлекетті құраушы ұлт ретінде жауапкершілігі барын” айтқан.

Кандидат мектеп бағдарламасына “Мәңгілік ел” идеясының құндылықтарын енгізуді ұсынған. Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы 26 сәуірде өтеді.

Президенттікке кандидат ретінде Назарбаевтан басқа Қазақстан коммунистік халықтық партиясы атынан Тұрғын Сыздықов пен өзін-өзі ұсынған Әбілғазы Құсайынов тіркелген.

29 ПІКІРЛЕР

  1. Елбасымыз қай кезде де тың да серпінді бастамаларға барады. Бұл бағдарлама Қазақстанды жоғарғы сатыға көтеретініне сенгім келеді.

  2. Дұрыс полицейлер қоғамның бет айнасы болу керек. Полицей деген статусты көтеріп, халық оларға деген сенім танытып, құқықтарын қорғайтын орган екенін сезінуі қажет-ақ.

  3. Бұл бағдарлар уақытылы әрі дер кезінде қолға алынып отыр. Мемлекеттік қызметшілер жауапты әрі білікті маман болуы керек. Сондықтан олар барлық талаптарға сай болып іріктелуі тиіс.

  4. Елбасының бағдарламасы көңілінден шығып жатыр. Елдегі негізгі проблемаларды қамтыған екен. Енді осы айтылғандар іске асса деген тілеігмін бар.

  5. Бұл реформалар қоғамның сенімін арттыруға бағытталған. Мұнда халықты жұмыспен қамту, жаңа жұмыс орын ашу мәселелері бар.

  6. Елде өнеркәсіп орындары көптеп ашылса, халық жұмыспен қамтылады. Яғни, бұл қарапайым біздер үшін жасалып жатқан дүние.

  7. Халық өз сенімін артқан тұлға ғой. Ол бұған дейін де біраз қиыншылықтардан алып шықты. Халықтың сенімін ақтады. Қазақстанды өзге елдер таныды. Әлемдік аренаға жол ашты.

  8. «Халқына қарап басшысын, оған қарап елін таны», дегендей Назарбаев біздің несібемізге беткен тұлға. Соны бағалай білейік.

  9. Полицейлер мықты болу керек. Оларға халық сенім арта білуі керек. Бұл бағытты мен қолдаймын.

  10. Мен «Мәңгілік ел» идеясын қолдаймын. Бұл болашаққа бастар жол. Оның құндылықтары мектеп бағдарламасына енгізілсе жақсы болар еді.

  11. Бүгінде еліміз тәуелсіз мемлекет. Бұл халықты бір шаңырақтың астына ұйыстыра білген Елбасының ерен еңбегінің жемісі. Жыл санап еліміз үлкен белестерді бағындыры келеді. Алда атқарылар шаралар көп. Сол мақсаттардың орындалғанын қалаймын.

  12. Биіктерге ұмтылу реформалары. Осы бастамалар арқылы біз біраз жетістіктерге жетеміз.

  13. Еліміздің бүгінгі жетістігі қолға оңайлықпен келмеді, қан төгілді, тер төгілді, осы күнді бағалап, осы күнге ел үшін барын салған азаматтар қашанда елдің есінде.

  14. Арайлап атқан ақ таңды нәсіп еткен Аллаға сансыз шүкір, сайлау алды осындай үлкен жобалармен бағдарламаларды оқып, естіп бір қуанып қалдық.

  15. Елге маңызды шаралармен, істер көзделген екен, үлкен тақырып, елдің игілігіне жарар істер бар.

  16. Елдің ертеңін болжап, өткенінен алған тәжірибеден туындаған бұл бағдарламаның орны айтарлықтай секілді, бастысы халық өз таңдауын жасай алады.

  17. Бүгінгі таңдаңы елдің жеткен жетістіктерінен алғанда алақайлап жүретін кез, дегенмен болашақ туралы ойланатын сәтте келіп тұр, сондықтан осындай кезде әрбір азамат тағылымды таңдауын жасағаны дұрыс.

  18. Бағдарламаның орны ерекше, елге керекті істер атқарылып жатқаны, күнтәртібінде тұрғанын көріп қуанамыз, үміткерлерге сәттілік, осындай бағдарламалар іске асуға тиісті.

  19. Ауылшаруашылыққа көптеп көңіл аударғаны жақсы. Бізге ең керегі осы.

  20. Жаңа Егемен Қазақстанға осындай реформалар өте қажет.Полициялар жумысын ретке келтіру уақыт күткізбейтын мәселе.

  21. Елбасы ортаға қойған әр бір жаңалықты қолдауға болады. Өйткені сол кісіның арқасында Қазақстан осы дәрежеге жетті.

  22. Осы реформалар арқасында мемлекетіміз одан әрі көркейіуне сенімдымен.

  23. Ауылшаруашылық өнімдерін өңдеу басты мақсат. Елбасымыз программасы басқалардан неғурлым өзгеше, халыққа пайдасы тіеды.

  24. Кәсіби мемлекеттік қызметкерлер корпусын құру – өте дұрыс идея.Біреуге тәуелды, соның ишінде олигархдар ауызна қараған мемлекет болған Украина болды.

  25. Президентпен бірге әр біріміз әр саланы дамытумыз керек.Нәтіжесі болатын программа бізге артық болмайды.

  26. Не болсада Елбасымыз бағдарламасы басқа кандидаттарға қарағанда, халық қамына көбірек назар аударылады.

  27. Институционалдық реформалар жасау арқылы мемлекетімізды жоғары деңгейге көтіру мүмкін. Елге керегі осы.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз