Еліміздегі тойлардағы “әдепсіздіктерге” заңмен тыйым салынады

0
41

Қазақстанда тойдағы тәртіпке қатысты заң қабылданып, “әдептілік полициясы” құрылатын болды. Жаңа заң жобасына тойда түсірілген ұятсыз бейнекадрлар түрткі болған.

Photo: Еліміздегі тойлардағы "әдепсіздіктерге" заңмен тыйым салынады

Бұл туралы NUR.KZ хабарлайды.

Тойдағы әдепсіздіктермен билік заңды түрде күресетін болды. Қолданылатын шаралар тізімі арнайы жұмыс тобымен дайындалды. Тойлар мен мерекелерді өткізу және жиналған қонақтарды қадағалау жөніндегі заңға сенат және мәжіліс депутаттары қол қояды.

Бізге белгілі болғандай, тойларды тек түнгі сағат 23:30-ға дейін өткізуге рұқсат беріледі. Той сарқытын алып, бір-бірімен қоштасуға қонақтарға тек жарты сағат қосымша уақыт бөлінеді. Түнгі сағат 00:00-де барлығы тарқасуы тиіс.

Мұнымен қоса, тойдың барысын арнайы инспектор қадағалайтын болады. Инспектор қонақтарға шараптың орнына қымыз ұсынып, араққа қатты масайғандарды тойдан шығарып жіберетін болады. Ашық-шашық киінген әйелдерге тойда инспектор орамалдар үлестіріп, ұятты жерлерін жабуын талап етеді.

Кеш басында той қонақтарына өзін өзі ұстау әдебі мен ішімдіктің зияны туралы фильм көрсетіледі.

Сонымен қатар, инспектор жиналғандарға Қазақстанның моральдық бет-бейнесі жөнінде түсіндіріп өтіп, брошюралар таратады.

Инспектор әдепсіз сайыстар мен қалжыңдар ұсынған асабаға жұмысын тоқтатуын талап етуге құқылы.

Көпшілік алдында жалаңаштанатын қонақтарға 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынатын болады. Мұнымен қоса, тойда ұятсыз әрекеттерге барған азаматтардың фотосы БАҚ-қа жарияланып, көшелерге қойылады.

Жаңа заң қазақстандық той-бизнесінің дұрыс дамуына септігін тигізеді деп санайды заңды құрастырушылар.

Депутаттар аталмыш заң қоғамның моральдық құлдырауына жол бермей, қазынаны салықпен толтырумен қатар, мемлекет имиджін сақтайтын болады деп үміттенуде.

Шетелдік интернет пайдаланушылар қазақстандық тойға қызығушылық танытып, елімізге той-тур ұйымдастыруды сұрап жатыр деген де сыбыс бар.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз