Қорғаныс вице-министрі қазақ тіліндегі сауалға орыс тілінде жауап бергеніне өкінді

0
562

Қорғаныс вице-министрі Талғат Мұхтаров мәжілістің пленаралық отырысында мемлекеттік тілде қойылған сауалға орыс тілінде жауап бергеніне өкінетінін айтты.

Талгат Мухтаров
Талғат Мұхтаров

Талғат Мұхтаровтың айтуынша, оған өзінің алаңғасарлығы себеп болған деп хабарлайды “NewTimes.kz”.

“Мен Киянский қойған сауалдың синхронды аудармасын тыңдадым да, оған бірден орыс тілінде жауап қаттым. Содан кейін өкініп қалдым”, –  дейді журналистердің сауалына жауап берген Талғат Мұхтаров.

Еске сала кетсек, сәрсенбі күні Қорғаныс вице-министрі Талғат Мұхтаров мәжілістің пленаралық отырысында “Бітімгершілік іс-қимыл туралы” заң жобасының баяндамасын оқып жатқанда ыңғайсыз жағдайға тап болған еді.

Депутат Киянский Талғат Мұхтаровқа қазақ тілінде сауал қойған болатын, ал вице-министр оған орыс тілінде жауап берген.

Қазақстанда басты мемлекеттік тіл болып қазақ тілі, ал орыс тілі ресми тіл ретінде саналды.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз